• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 2 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісінің карантин шараларын сақтау талаптары тексерілді

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Ж. Бекшин айтты.

Еске салсақ, бірқатар кәсіпорындар өз жұмыстарын қайтадан бастады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен әрбір аудандық әкімдіктерде кәсіпкерлік субъектілердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қадағалау бойынша мониторингтік топтар құрылған.

Бекітілген мониторингтік топтардың құрамына Алматы қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары, Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері, аудандық әкімдіктердің, «Атамекен» ҰКП және Полиция департаментінің қызметкерлері енген.

Мониторингтік топтар карантин кезінде жұмысын қайтадан бастаған барлығы 1989 нысанды қамтыды.

«Біз 2 мыңнан астам тексеру жүргіздік, оның барысында тек 65 жағдай бойынша әкімшілік жаза тағайындалды және 39 нысанның қызметі тоқтатылды. Сенбі және жексенбі күндері біз 153 нысанды тексердік. Тексеру шаралары жалғасады», — деді Алматының бас санитар дәрігері.

Өз міндеттеріне салғырт қараған мына тізімдегі дәмханалар мен мейрамханалар басшылығына әкімшілік айыппұл салынды, олар: «Жан плов лагман» мейрамханасы, «Шашлычная на Кирова», «Шашлычный двор», «Боржоми», «Алматы» дәмханалары, сонымен бірге, «Байтас» шағын маркеті, ал «Дильназ», «Шапағат» дәмханаларына әкімшілік хаттама толтырылды. «Прованс» дәмханасының қызметі тоқтатылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.