• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда 20 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 524 жағдайы тіркелді

Қалада жаңадан тағы 11 жағдай тіркелді.

Олардың барлығы провизорлық госпитальдарда карантиндегі науқастармен байланыста болғандар.

Кеше 19 сәуірде Соvid-19 диагнозымен екі адам қайтыс болды. Екеуінің де жағдайы аса ауыр халде болатын.

Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Науқастың бұл инфекциядан бөлек бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздығы, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Ол жүрек қызметінің тоқтау себебінен көз жұмды.

Екіншісі 1931 жылы туған әйел. Науқас жүрегінің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жағдайда болған.

Жалпы жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке алғанда, коронавирустық инфекциядан 436 адам емделуде.

Екі пациенттің жай-күйі — өте ауыр, 6-уында — ауыр, 138 адамда — ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған адамдардың жай-күйі — қанағаттанарлық.

84 науқас коронавирустық инфекциядан емделіп шықты.

Провизорлық госпитальдарда 294 адам, карантиндік оқшаулауда 520, үй карантинінде 9764 адам бар.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.