• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 2020 жылдың 18 мамырынан бастап туроператорлар, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, ЕДБ және қаржы секторының басқа да ұйымдары қызметінен шектеулер алынып тасталады

Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, қалада карантиндік шаралар әлі де жалғасуда. Туроператорлардың, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелерінің және қаржы секторы компанияларының жұмысы келесі алгоритмді орындау шартымен ғана мүмкін болады:

1 - Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының ережелерімен танысу; 2 - Міндетті әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитарлық режим және т. б. ережелер талаптарына сәйкес нысанды дайындау.

Дайындық жұмыстары сәтті аяқталғаннан кейін infoalmaty.kz сайтында тіркеліп, нысанның ережелердің талаптарына сәйкес дайындалғанын растау және электронды цифрлық қолтаңбамен хабарламаға қол қою арқылы кәсіпорында жазылған нормалардың сақталуына кепілдік береді.

Тікелей жұмыс орнында қажет болатын қызметкерлер санын осы ұйымдардың жетекшілері дербес анықтайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласында аудит өткен жағдайда жеке тұрған сұлулық салондары мен білім беру орталықтары, өнеркәсіп және құрылыс саласындағы объектілер, жобалау ұйымдары, сондай-ақ келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар қызметінен шектеулер алынып тасталған болатын: үйге жеткізу қызметі, ТЖО, шиномонтаж, көлік жуу және автосалондар, ұйымдастыру техникасын жөндеу және жарнама агенттіктері.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ооындап және аудит тексерісінен өтпей жұмысты Көлік және қоймалау, Ақпарат және байланыс, қаржы қызметтері (50% - ЕДБ, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, брокерлер, ломбардтар, айырбастау пункттері), бизнеске арналған кәсіби қызметтер, сондай-ақ кейбір қызмет түрлері: фотосалондар мен гүл павильондары, шаштараздар, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар жөніндегі компаниялар, баспа қызметі, аяқ киім жөндеу және химиялық тазалау, кір жуу, 500 ш.м. дейін азық-түліктік емес дүкендер (со, сок және т. б. басқа).

Сондай-ақ, 25 мамырдан бастап Алматы қаласында қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, СО, СОК және т.б. кезең-кезеңмен ашу мәселесі қарастырылуда. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болады. Аталған нысандарды іске қосу алгоритмі бойынша ақпарат қосымша ұсынылатын болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.