• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ қалай өзгереді

28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта сәуір айынан бастап қыркүйекке дейін абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Су ішетін субұрқақтар мен сауда павильондарын орнату, жол жабынын ауыстыру, ағаш отырғызу және т.б. көзделген.

Жайлы қалалық орта басқармасының хабарлауынша, саябақты абаттандыру ауданы 17 403 га, құрылыс – 306 шаршы метр, көгалдандыру – 126 116.3 шаршы метрді құрайды. Саябақта бірыңғай стиль қалыптастырып, келесі жұмыс түрлерін жүргізу жоспарлануда:

  • барлық аумақта жол жабынын ауыстыру;
  • 216 жаңа орындық, 214 қоқыс жәшігін және заманауи шағын сәулет пішіндерін (вазондар, мүсіндер және т. б.) орнату;
  • шамдар мен мүсіндерді жарықтандыру көздерін ауыстыру және жаңасын орнату (429 дана);
  • арық желісін ішінара қайта құру;
  • «Мәңгілік алау» кешені мен Офицерлер үйі ғимаратының арасындағы жабынды гранит немесе бірыңғай ансамбль құру үшін ұқсас материалға ауыстыру;
  • су ішетін 3 субұрқақ және бір модульді дәретхана орнату;
  • екі сауда павильонын ашу.

Гүлзарларды төсеу, бұталар мен 135 ағаш отырғызу жоспарлануда: лириопе мускари, Сноуфлейк көкжалбызы, қытайлық мискантус, Джульетта ырғайы, Хикси орташа тисі, ірі жапырақты жөке ағашы, Муго Пумилио қарағайы, жапондық Дартс Ред және Вангутта спиреясы.

Сондай-ақ саябақта жол сілтеуіштер мен ақпараттық стендтер орнатылады.

Ақпарат көзі: Krisha.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.