• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 31 тамыздан 600-ге жуық нысан жұмысын қайта бастады

Қала әкімі Б. Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, 31 тамыздан бірқатар нысандардың жұмысы қайта бастағанын хабарлады.

Б. Сағынтаев үстіміздегі жылдың соңына дейін олқылықтардың орнын толтырып, экономикалық өсу қарқынын өткен жылдың деңгейіне жеткізу міндетінің алға қойылғанын атап өтті. «Бірақ бұл бірқатар факторларға байланысты дамудың оптимистік сценарийі екенін түсіну қажет: бірінші кезекте эпидемиологиялық ахуал тұрақты болуы тиіс», - деп атап өтті Алматы әкімі.

Қала әкімінің мәліметі бойынша, 31 тамыздан бастап Алматыда 13,1 мың жұмыс орны бар 579 нысан жұмысын қайта бастады. Соның ішінде:

  • діни нысандар (ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді, жеке) - 600 жұмыс орны;
  • мәдениет нысандары (бір келушіге 5 шаршы метрден, келушілер саны 50%-тен аспауы тиіс, соның ішінде 30 адамға дейінгі ұжымдық репетициялар өткізуге болады, бұл ретте кемінде екі метрге дейін әлеуметтік арақашықтық сақталып, үзіліс кезінде бөлмені желдету, маска қолдану қажет) - 6,2 мың жұмыс орны;
  • бассейндер (жеке форматта, бір келушіге 5 шаршы метр су айнасы есебінен, алдын ала тіркелу) - 1,7 мың жұмыс орны;
  • спорт залдары (бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, алдын-ала тіркеу) - 2,8 мың жұмыс орны;
  • спорт кешендері (әр келушіге 5 шаршы метрге дейінгі жеке және топтық жаттығулар) - 1,3 мың жұмыс орны;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және басқалары (15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін, кемінде 2 метрге дейін әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска кию) - 300 жұмыс орны;
  • қала маңына қатынайтын жолаушылар пойыздары/электр пойыздары, қалааралық, облыс ішіндегі автобустар/шағын автобустар қозғалысы қалпына келтірілді - 200 жұмыс орны.

Төтенше жағдай режимі жойылып, карантиндік режим жеңілдегеннен бері 855 мыңға жуық жұмыс орны бар 1885 кәсіпорын жұмысын қайта бастады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.