• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 37 мыңнан астам кәсіпорын өз қызметкерлерінің жалақысын көтереді

Алматыда 37 мыңнан астам кәсіпорын басшылары 137 мыңға жуық қызметкердің жалақысын көтеру бойынша міндеттемелер алды. Оның ішінде 422 кәсіпорын ірі, 612 – орта, 36 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері.

Жалақыны көтеретін кәсіпорындар қатарында «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК – 14%, «АванҚұрылыс» ЖШС – 35%, «АЗМК» АҚ – 30%, «Eurobakery&Thomis Pastry» ЖШС – 10%, «АЗТМ» ЖШС – 30%, «Альмерек» ЖШС – 40% және т. б.

Сондай-ақ кейбір жұмыс берушілер еңбекақысы төмен санаттағы қызметкерлердің жоқтығына қарамастан («АСТ Эласт» ЖШС – 17%, «КазАвтоСтекло» ЖШС – 20%, «ZetaEngeeniring» ЖШС – 43% және т.б.) жалақыны 30%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Жалпы алғанда қаладағы еңбекақысы төмен қызметкерлердің орташа жалақысы 38,6%-ке (34,9 мың теңгеден 48,4 мың теңгеге дейін) арттырылады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге артып, 42,5 мың теңгені құрады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алматы қаласында орналасқан, қызметкерлерінің жалпы саны 701,6 мың адамнан тұратын 50 мың кәсіпорынның тізбесін жасады, соның ішінде 173,1 мың қызметкер 50 мың теңгеден төмен жалақы алады.

40 мыңнан астам кәсіпорын басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сіздің еңбек құқықтарыңыз бұзылғын жағдайда Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 122 үй мекенжайы бойынша жүгінуге болады. Сенім телефоны: 261 66 59.

Ақпарат көзі: Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.