• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 4,3 мың бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет алатын болады

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Әлкебайұлы мәлімдеді.

2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қажетті қосымша заттары бар кепілдендірілген әлеуметтік пакет қарастырылған.

«Бізде 4 мыңнан астам бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет алатын болады. Бүгінде 4,3 мың КӘП тағайындалды. Бұл балалар жақында әлеуметтік пакеттерді алады», — деп хабарлады Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Д. Әлкебайұлы.

Әлеуметтік пакет:

• мектеп жасына дейінгі балалар үшін – балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтарды;

• мектеп жасындағы балалар үшін – мектептерде ыстық тамақ, мектеп формасы мен керек-жарақтарын сатып алу, қоғамдық көліктерде жол жүрудің 50%-ін өтеуді қамтитын болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.