• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда 700-ден астам жер телімі заңдастырылды

Алматыда қала әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Halyk Arena көпфункциялы кешеніне 3,2 мыңнан астам адам жиналды.

Мегаполис тұрғындары жер учаскелері мен жеке тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесін көтерді.

«Бүгінде 700-ден астам жер телімі заңдастырылды», — деді әкім.

Қалған 200 учаске су қорғау аймағында немесе қызыл сызықта орналасқан. Осыған байланысты Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе қажетті заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар қалада 2 192 жеке тұрғын үй заңдастырылды. Ең көп үй Алатау ауданында заңдастырылды. Мұнда 979 меншік иесі өтініш білдірген. Мәселені шешу үшін қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы кейбір ықшамаудандардағы қызыл сызықтарға түзету жүргізді. Бұл олардың үй құрылысын заңдастыруға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.