• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда Абай даңғылы уақытша жабылады

14 қараша сағат 23:00-ден 15 қараша 06:00-ге дейін Абай даңғылы бойымен шығыс бағытта №6 ықшамаудандағы №3 үйге қарама-қарсы жаяу жүргіншілер жолағы (бағдаршам) мен көлік бұрылысына дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.

«Мәскеу бекеті – Сарыарқа бекеті. Апаттық су бұрудың алаңнан тыс желілері» және «Сарыарқа бекеті. Су құбыры мен кәріз желілерін сыртқы қалалық желілерге қосу» жобасын іске асыруға байланысты Абай даңғылы бойында кәріз төсеу жұмыстары жүргізіледі.

«Метрополитен» КМК өкілдері Алматы тұрғындары мен қонақтарынан жолда көлік кептелісін болдырмас үшін жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.