• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда алдағы демалыс күндері 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады

«Jasyl Meken» жалпықалалық шарасы барысында алдағы демалыс күндері Алматының барлық сегіз ауданында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Қала басшылығы көктемнің соңына дейін 12 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлаған. Алдағы демалыс күндері қаланың барлық ауданында көшелер, аулалар, көпшілік орындар, арық желілері, өзен арналары мен жағалаулары санитарлық тазаланады.

Бұған дейін «Jasyl meken» шарасы барысында әл-Фараби даңғылы бойындағы бөлу жолағына 800 жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызылған болатын. 1975 жылдың сәуірінен бастап мұнда ағаштың 30-ға жуық түрі отырғызылды, алайда солардың тек үшеуі - талшын, қарағай және шырша тамыр жайды. Сондықтан ағаштың осы түрлерін ғана отырғызу жөнінде шешім қабылданды.

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы тұрғындарды «Jasyl Meken» жалпықалалық шарасына қатысып, өз аулаларында ағаш отырғызуға шақырады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.