• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Аntikorortalygy сервис орталығы іске қосылды

Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қоғамдық қабылдау форматында (Open Space) жаңа Аntikorortalygy сервис орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары И. Рогов, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, академиялық орта мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Бұл орталық халықпен өзара байланыс орнатуда жаңа тиімді форма болып табылады және азаматтардың сенімділігін арттыру үшін қызмет етеді.

«Ел президенті жариялаған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес кері байланысты және қала халқының алдында ашықтықты күшейту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көлемі ұлғайып келеді. Мұның барлығы қоғамның сұранысына қарай оң әсерін беруде», — деді Б. Сағынтаев.

Өз кезегінде Агенттік төрағасы мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызмет әдістерін трансформациялау сөзсіз заман талабы екенін тілге тиек етті.

«Бүгінде біз шенеуніктердің ұйымдастыру мәдениетінің қалай өзгеріп жатқанын – мемлекеттік қызметкерлер мен басшылар азаматтарға біршама жақындай түскенін көріп отырмыз. Тәжірибе көрсеткендей, келіп түскен шағымдар, үндеулермен жұмыс істеу, нақты «проблемалы аймақтарда» топтастыру (фокусирование) және олардың шешімін табу сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың, сәйкесінше, азаматтардың «сенімділігін арттырудың тиімді әдісі болып табылады», — деп атап өтті А. Шпекбаев.

И.Роговтың айтуынша, тұтынушының қажеттілігін қанағататтандыру — Агенттік белсенді түрде көтеріп отырған адалдық (көрегенделік) идеологиясының маңызды бөлігін құрап отырған басты міндеттердің бірі.

Сервистік орталық Жібек жолы, 15 мекен-жайында орналасқан. Мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өтініштер қабылданып, кеңес беріледі. Сонымен бірге, қоғам, ҮЕҰ, жастар ұйымдарының, діни және этномәдени ұйымдардың, мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдарының жемқорлыққа қарсы күресте күшін біріктіреді.

Орталықтың бірінші қабатында азаматтарды қабылдауға арналған, процессуалды офицер жеке кеңсе-кабиналары мен «Алматы — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі үшін арналған кабина бар. Сонымен бірге, бұл жерде «Мейірімділік акселераторы», «Адал көмек», «Protecning business and investments» сияқты басқа да жобалар бойынша қызмет көрсетілетін болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.