• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда ардагерлер біржолғы әлеуметтік төлемнің бірінші бөлігін алды

Алматы ардагерлері 250 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемнің бірінші бөлігін алды. Ұлы Отан соғысының 268 қатысушысы мен мүгедегі төлемақымен қамтылды.

Алматыда биыл әлеуметтік көмек көлемі 500 мың теңгеге дейін ұлғайғаны белгілі, қалған 250 мың теңге қалалық мәслихаттың шешімі күшіне енгеннен кейін аударылады.

Бұған қоса Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне төлемақы мөлшері ұлғайтылды. Сондай-ақ Ауғанстандағы соғыс кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайларына берілетін әлеуметтік көмек мөлшері артты. Олардың барлығы 50 мың теңгеден алды, қалғаны 50 мың теңге мәслихаттың шешімі бойынша аударылады.

Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмекті барлығы 4,3 мың адам алды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.