• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда аулаларды қардан тазаламағаны үшін 130-дан астам ПИК-ке айыппұл салынды

Қыс маусымы басталғалы жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша 133 ПИК аулаларын қардан уақытылы тазаламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалада ПИК қызметінің ашықтығын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2018 жылы 306 ПИК қызметі тұрғындар алдындағы есеп беру, шығыстар сметасын келісу және кондоминиум объектілерін тіркеу тұрғысынан тексерілді. Нәтижесінде 151 тәртіп бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарылып, айыппұл салынды.

Осыған байланысты, басқарма «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, өз ПИК атына наразылық білдірген жағдайда пәтер иелері ұйым басшысын көпшілік дауыспен босатуға немесе кооператив құрамынан шығуға және басқа кооперативке өтуге құқылы екенін еске салады.

Қалада қолданыстағы абаттандыру ережелеріне сәйкес, тротуарлар, аула аумақтары мен өтпе жолдар тазартылып, көктайғақ пайда болған жағдайда құм немесе қиыршық тас себілуі тиіс. Сонымен қатар, шатырларды сүңгілерден уақтылы тазалауды қамтамасыз ету қажет.

ПИК қызметіне тексеру жүргізу үшін нақты деректер мен дәлелдерді келтіре отырып, Тұрғын үй саясаты басқармасына жүгінуге болады: Алматы қ., Жароков к-сі, 215 немесе мына телефондар бойынша 224-14-04, 225-14-31, 225-12-04.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.