• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесінің маусымы ашылады

Осы сенбі, 5 қазанда «Астана» алаңында (Төле би көшесі, ҚБТУ-нің алдында) жәрмеңкенің күзгі маусымын Алматы облысының тауар өндірушілері ашады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметі бойынша Талдықорған, Қапшағай, Текелі және Алматы облысының 17 ауданы жалпы құны 111 млн теңгеден асатын түрлі ауылшаруашылық өнімдерін жеткізетін болады. Шараға «Жетісу» ӘКК» АҚ да қатысады.

Алматылықтар мен қала қонақтарына жалпы көлемі 180 тонна болатын азық-түлік тауарларының 50-ден астам түрі ұсынылады, оның ішінде 50 тонна ет және балық өнімдері, 86 тонна жеміс-көкөніс, 14 тонна сүт өнімдері, сонымен қатар жарма, ұн, өсімдік және мал майлары бар.

Жәрмеңкедегі баға әдеттегідей нарықтағы орташа бағадан төмен болады. Мысалы, бір килограмм сиырдың еті 1700 теңге, тауықтың еті 750 теңге, картоп 80 теңге, пияз 65 теңгеден сатылады.

Жәрмеңке таңғы сағат 8:00-де басталады. Шара аясында ұйымдастырушылар өңірдің көркем өнерпаздар ұжымдарының қатысуымен қызықты концерттік бағдарлама дайындаған.

Еске салсақ, кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізудегі мақсат - қалалықтарды қолжетімді бағадағы түрлі сапалы өнімдермен қамтамасыз ету.

Таяу арада Алматыда Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының қатысуымен осындай жәрмеңкелер өтетін болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.