• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда ауыр халде болған екі науқастың жағдайы жақсарып келеді

Екі науқастың бірі 46 жасар әйел 3 наурыз күні СOVID-19 диагнозымен және екі жақты полисегментальді пневмонияның тыныс алу жеткіліксіздігімен болған ауыр түрімен ауруханаға түскен.

Тыныс алу кезінде ентігіп, кішкене қимылдың өзінде демікпесі күшейіп, жөтелгенде қақырық түсетіндігіне және жалпы әлсіздік барына шағымданған.

Екінші науқас 1955 жылы туған. Ол да осы симптомдармен түскен.

Реанимация бөлімшесінде екеуіне де короновирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес вирусқа қарсы, бактерияға қарсы терапия жүргізілді.

Сонымен қатар, келесі емдеу шаралары: оксигенотерапия, инвазивті емес ӨЖЖ, кеуде қуысының аппараттық вибромассажы және т. б. жүргізілді.

«Емделу кезінде өздерін жақсы сезініп, ентігу мен әлсіздіктері азайған екі науқас та әдеттегі бөлімшеге ауыстырылды», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта инфекциялық стационарда Алматы облысынан келген пациентті қоса есептегенде коронавирустан 99 адам емделіп жатыр.

70 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық, жеті адамның жай-күйі – ауыр, 22 пациентте (1 облыстық) – ауырлықтың орташа дәрежесінде.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.