• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда айыппұл төлемеген борышкерлердің көлігі айып тұрағына қойылады

Алматыда әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарып жүрген автокөлік иелерін анықтауға бағытталған «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Профилактикалық іс-шара әкімшілік айыппұл төлемеген жүргізушілерді (борышкерлерді) анықтауға, көліктерді ұстап, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған.

«Іс-шараға құқық бұзушылықтар бойынша есепке алу базалары, «КРИС-П», «ПОТОК-М» мобильді кешендері, жеке сот орындаушылары, қалалық прокуратура органдарының қызметкерлері жұмылдырылған. Әкімшілік айыппұлдарын төлемеген жүргізушілер анықталған жағдайда, көлік құралдары мамандандырылған айып тұрағына жіберіледі. Ұсталған көлік құралдарын айып тұрағынан шығарып алу айыппұл туралы қаулы толық орындалған жағдайда жүзеге асырылады», - деді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары полиция полковнигі Еркін Өтегенов.

Осыған байланысты, қалалық Полиция департаменті көлік иелерін әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.