• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда аз қамтылған көпбалалы 44 отбасы тұрғын үй сертификатын алды

Алматыда аз қамтылған көпбалалы 44 отбасы қалалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификатын алды. Бұл ақша жеңілдікпен тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаны төлеуге жұмсалады. Бұл отбасылар «Үш сұңқар», «Атлас», «Меркур-град», «Радужный берег», «Адиет» ТК пәтер таңдаған, олар тұрғын үй қарызы туралы келісімшарт жасалғаннан кейін қоныстана алады. Ақша салымшылардың банктегі шоттарына аударылды.

baqytty-otbasy.kz порталына барлығы 1,5 мыңға жуық өтінім түсті, оның ішінде 345-і банкке құжаттар тапсырып, 301 өтінім мақұлдалды.

Айта кетерлігі, соңғы 3 жылда 10 мыңнан астам алматылық отбасы пәтер алды. 1,3 мыңнан астам пәтер қалалық тұрғын үй қорынан бөлініп, 8 мыңнан астамы жеңілдетілген ипотека бойынша берілді. Тұрғын үй алғандардың 40%-ке жуығы әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататындар: 2,3 мыңнан астам көпбалалы және толық емес отбасы, 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі адам, 300-ден астам жетім бала.

Еске салсақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жылдық 2% жеңілдікпен тұрғын үй несиесін беру қарастырылған. Бұл ретте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде төлем қабілеттілігін бағалау жеңілдетілген тәртіппен жүргізіледі. Бағдарламаға қатысушы несие бойынша ай сайынғы төлемді және бір ересек адамға 5 АЕК (12 625 теңге) мөлшеріндегі өмір сүруге қажетті ең төменгі соманы ескеріп, табысын растауы қажет. Төлем қабілеттілігін бағалау кезінде балаларға арналған шығыстар ескерілмейді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.