• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда балет театры мен конгресс-орталық салынады

«Алматыны дамытудың 50 жоба-драйверлері» бастамасы аясында 2020 жылы жеке инвестициялар есебінен балет театры мен заманауи конгресс-орталық салынады.

Мәселен, балет театры әл-Фараби даңғылында, Назарбаев даңғылынан батысқа қарай ұзақ уақыт бос жатқан жерде бой көтереді.

Ғимарат архитектурасы фонтаны бар, айналасы көгалдандырылған әрі есте қаларлықтай ерекше сипатта жасалады. Оның көпқұрамды бөлшектері мен элементтері болады. Нысан фактурасы өте тартымды, оның жоғары жағы жарық көздері арқылы айрықша нұрланады.

Театр кеңістігін көпфункционалды және түрленетін тұрғыда жасау жоспарланған. Холл алаңында бизнес ивенттер мен салтанатты шаралар өткізуге болады. Ғимарат ішінде балалар үшін хореография мектебін ашу жоспарланған.

Алматының қала ретінде жедел дамып келе жатқан рөлін әрі мұнда жыл сайын 50-ден астам халықаралық ивент өтетінін ескере отырып заманауи конгресс-орталық салу қолға алынбақ.

Айта кетерлігі, «Алматыны дамытудың 50 жоба-драйверлері» аясында биыл тағы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдар, қосалқы нысандар салынып, көшелер мен саябақтар абаттандырылады. Осы жобалар есебінен ғана қосымша 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, қала бюджетіне 8,8 млрд теңге салық түсті.

Жыл аяғына дейін Республика алаңын, Достық даңғылын, Байсеитова мен Жібек жолы көшелерін, Верный обсерваториясын, Алматы зоопаркін, Медеудегі денсаулық баспалдақтарын, Мыңжылдық фонтанын, қаланың барлық сегіз ауданындағы жүргіншілер аймағын реконструкциялау аяқталады.

Бұдан өзге, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның, №4 перзентхана мен Түрксіб ауданындағы психоневрологиялық интернат жанындағы қосалқы нысандардың, медициналық жедел жәрдем қосалқы станциясы мен Алатау ауданындағы патологоанатомиялық бюроның құрылыстары бітеді.

Жалпы, 6 жаңа балабақша мен сейсмикалық күшейтілген 10 мектеп пайдалануға беріледі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.