• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда барахолкадағы автотұрақ ақысы төмендетілді

Алматы прокуратурасының ұсынысымен қаладағы сауда үйі бірінің және бірнеше базардың автотұрақ құны сағатына 300 теңгеден 100 теңгеге дейін түсірілді.

Шексіз адамдар тобының құқығына нұқсан келтіретін бұзушылық көлік көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда қаланың коммуналдық меншігіндегі және автотұрақтарға қызмет көрсету үшін пайдаланушы ұйымның басқаруына берілген аумақтарда осы қызмет бағасына мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша анықталды.

«Жол жүрісі туралы» Заңға сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің 11.08.2016 жылғы қаулысымен автотұрақ тарифі сағатына 100 теңге теңге деп бекітілген.

Бұл талапты бұза отырып, Солтүстік айналма жолында орналасқан «Адем» сауда үйі мен 14 базар («Алатау-1», «Алатау-2», «Алмалды», «Ақбұлақ», «Арлан», «Байсат», «Барыс», «Батыр», «Болашақ», «Қазына», «Олжа», «Рахат», «Сәлем», «Ялян») маңындағы автотұрақтар құны негізсіз 300 теңгеге дейін көтерілген.

Қалалық мобилділік басқармасына жолданған қадағалау актісі бойынша автотұрақ құны жергілікті атқарушы орган қаулысына сәйкес өзгертілді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы прокуратурасының интернет-ресурсы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.