• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда бас сәулетші тағайындалды

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысы болып Алмасхан Ахмеджанов тағайындалды.

Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасында 19 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді, еңбек жолын бас маман ретінде бастаған. Соңғы 10 жыл бойы аталған басқарма басшысының орынбарасы болды. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясының түлегі, мамандығы бойынша «Инженер-құрылысшы».

Қаланың бас сәулетшісінің алдына бірқатар міндеттер қойылды, олар «Қала адамдар үшін» тұжырымдамасы аясында халықаралық тәжірибелер мен инновациялық технологияларды қолдана отырып жұмыс тиімділігін арттыру және жайлы әрі экологиялы қала кеңістігін қалыптастыру.

Бұлардан өзге, құрылыс жобаларын жасауға барынша креативті архитекторлар мен жобалаушыларды тарту, қалада әлеуеті жоғары білімді әрі тәжірибелі кадрлар потенциалын қалыптастыру қажет. Ол үшін «АлматыБАСЖОСПАР» ҒЗИ базасында жас мамандарға қолдау көрсететін креативті идеялар Орталығы құрылатын болады.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматы әкімі Бауыржан Байбек келер жылдың басында қаланы дамытудың шеберлік жоспарының ашық жарияланатынын айтқан еді. Қаланың әрбір тұрғыны және бизнес өкілі жобамен танысып, өз ұсынысын айта алады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «АлматыБАСЖОСПАР» даму Институты құрылды, ол негізінен «Шеберлік-жоспарын» жүзеге асырумен айналысатын болады. Енді қала стихиялы түрде дамымайды. «Адамдар инфрақұрылымға» принципі бойынша болашақта құрылыс жүргізу аймақтары айқындалады, орталықтандыру қағидасы бойынша біз барлық инфрақұрылымы бар жайлы небәрі 20 минуттық қадамда орналасқан қоғамдық нысандарды, жұмыс орындары мен мектептерді салатын боламыз. Қаланы басқаруда цифрлы технология кеңінен қолданылады. Қазірдің өзінде 20 қалалық желі жалғасқан Ситуациялық орталық алаңы құрылды. Сондай-ақ big data қолға алынды. Нақтылы уақыт кестесі бойынша көлік және жаяу жүргінші ағындарына, қоғамдық көліктің жиілігіне, балалар бақшалары мен мектептердің, қала бюджетінің жүктемесіне сараптама жүргізілуде, қала дамуының 1200 астам индикаторына мониторинг жасалуда», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Жайлы қала кеңістігін қалыптастыру мақсатында соңғы екі жыл ішінде Алматының тарихи орталығының үштен бірі модернизацияланды. Келер жылы «Қала адамдар үшін» принципі бойынша жаңа жаяу жүргіншілер аймақтары абаттандырылады, оның ішінде Жібек Жолы, Байсейітова, Төле би көшелері жаңарады. Қаланың жеті ауданында бір көшеден реконструкцияланып, тротуарлар кеңейтіледі, заманауи көше жиһаздары қойылады, бес саябақ пен сквер күрделі, ал тоғызы ағымдағы жөндеуден өтеді.

2019 жылы алматылық аулаларды ауқымды жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасады. Егер соңғы екі жылда 1400 аула жөнделсе, 2019 жылы тағы да 600 аула жаңарады.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.