• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда бір ай ішінде жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны шамамен 89,4 мың адамға артады

Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін кезең-кезеңімен қайта бастау жоспарына сәйкес экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге үлкен әлеуеті бар және коронавирус инфекциясының таралу қаупі төмен секторлар анықталды.

Атап айтқанда:

  • Шектеулерді алып тастаудың нәтижесінде өнеркәсіп саласында 42,2 мыңға жуық адам өз жұмыс орындарына оралады деп болжанған.
  • Өз кезегінде құрылыс саласында құрылыс маусымының басталуын, сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы жаңа жобалардың іске асырылуын ескере отырып, тікелей құрылыс саласында 34,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
  • Сонымен қатар, ауқымды құрылыс жұмыстарының басталуымен жобалаушылар, іздестірушілер, инжинирингтік компаниялар (авторлық және техникалық қадағалау), жобаларды сараптау секілді қызметтер мен мамандарға қажеттілік туындайды.
  • Құрылыс саласының үздіксіз жұмыс істеуі үшін көтерме құрылыс базарларын ашу қажет (қосымша тағы 10,8 мың адам). Осылайша, жалпы аталған салада жұмыспен қамтылғандар саны 45,3 мың адамға артады.
  • Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын кәсіпкерлердің кепіл мүлкін мемлекеттік тіркеу үшін нотариус пен ХҚКО қызметін қайта бастау жоспарда бар.
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.