• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда бір көзден мемлекеттік сатып алу бірнеше есе азайды

Алматыда өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу үлесі бірден төмендеді. Бұрын бір және одан да көп тасымалдаушы қатысса да конкурсқа тек біреуі ғана жіберілетін, содан кейін онымен тікелей бір көзден келісім жасалатын. Енді егер бір ғана жеткізуші қалатын болса, онда конкурс қайта жүргізіледі.

Алматы әкімдігінде атап өтілгендей, мемлекеттік тапсырыс туралы заңнамаға енгізілген өзгеріс мемлекеттік сатып алудағы жемқорлық тәуекелдерді азайтудың ұтымды құралына айналды. 2017 жылмен салыстырғанда 4 айдың ішінде алматылық мемлекеттік органда бір көзден сатып алу 6 есе, 2018 жылмен салыстырғанда 8,5 есе қысқарды қазіргі кезде олардың үлесі небәрі 6,6%.

Бір көзден сатып алудың ашықтығы мен қысқаруы нәтижесінде Алматыда экономика тек өткен жылдың өзінде ғана 3,8 ден 5,3%-ға дейін өсті. 2017 жылмен салыстырғанда 4 айдың ішінде экономия өсімі 6,2 млрд. теңгені құрады.

Айта кетерлігі, жылдың басында іске асырылған әкімдікті трансформациялау аясында қалада мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы Алматы Мемлекеттік активтер басқармасы болды.

Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алудың 70%-і бәсекелестік ортада іске асуда, олар - әлеуметтік обьектілерді (мектептер, ауруханалар, емханалар), жолдарды салу, көшелерді, саябақтарды, аулаларды абаттандыру, нысандарға техникалық қызмет көрсету және басқалары. Сатып алудың 28%-і тікелей келісімшарт бойынша бір көз арқылы іске асады. Олардың тең жартысын коммуналдық төлем құрайды. Үштен бірі - балабақшаларда, колледждерде, оқушылар үйлерінде, спорт және жекеменшік мектептерде (жан басын қаржыландыру) оқытуға ақы төлеудің мемлекеттік білім тапсырысы.

«Бұрындары әлеуетті жеткізушілер контракт алу үшін бағаны негізсіз («демпинг» деп аталады) төмендететін, соның салдарынан келісімдердің дұрыс орындалмайтын. Мысалы, техникалық бақылау бойынша қызметті сатып алудың 90%-і демпинг арқылы жасалып, 30-дан 99,9%-ға дейін жетті. Келісімшарт бағасы небәрі 10 теңге болған оқиғалар да кездесті. Бұл тасымалдаушының келісімде көрсетілген жұмыстарды орындай алмағанын көрсетті. Жұмыс тоқтап, сапасыз қызмет көрсетілді», - деді Алматы әкімдігінде.

Қазіргі кезде әлеуетті тасымалдаушылардың мұндай практикамен айналысуына жол берілмейді. Демек, олардың арасында іріктеу болады. Тағы бір атап өтерлік жайт, мемлекеттік сатып алу бойынша әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.

Еске салсақ, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруді тапсырған болатын.

«Бүгінде 25 мың ұйым мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл жемқорлыққа қарсы бақылауды қиындатады. Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алуды орталықтандырып, әсіресе әлеуметтік саладағы бюджеттік мекеме басшыларын бұл міндеттен босату керек», - деп атап өтті ел Президенті.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

 

 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.