• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда биылғы жылы 120-дан астам көше жөнделеді

Биыл Алматыда 120-дан астам көше жөнделеді. Бұлардан өзге қаланың алты ықшамауданында ұзындығы 50 шақырымнан асатын жаңа жолдар салынады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (Қалалық мобилділік басқармасы болып өзгереді) ақпараты бойынша мегаполисте жаяу жүргіншілер үшін жаңа тротуарлар салынады және BRT желісі бойынша Жандосов көшесін реконструкциялау аяқталады.

Абай даңғылы мен Сайын көшесін үңгілеу жалғасады, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында, сонымен қатар Рысқұлов даңғылы, Құлжа тас жолы мен Емцов көшесінің бойында жолайрықтары салынады. «Әуежай» айналымы аталып кеткен Бухтырма көшесі мен Құлжа тас жолының қиылысында жаңа жолайрығын салу жоспарланған.

Қала әкімі жұмыстарды барынша сапалы және қысқа мерзімде аяқтауды, қала тұрғындарына барынша жағдай жасауды тапсырды. Тротуарлар мен арық желілерін абаттандыруға, қолданылмайтын конструкцияларды алып тастауға, жасылдандыруға ерекше назар аударылады. Әр объектіде мердігер компания директорымен, техникалық бақылау жасайтын ұйыммен байланыс нөмірі және жұмыстың аяқталу мерзімі жазылған паспорт орнатылады.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматыда 524 көше жөнделген еді, оның ішінде BRT желісі бойынша Мұстафин, Сүлейменов, Тимирязев көшелері қайта жаңарды. Назарбаев даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейін теміржол эстакадасы арқылы, сонымен қатар Хмельницкий көшесі, Сүйінбай даңғылынан Жас қанат ықшамауданында дейін үңгілеу жұмыстары атқарылды.

КӨШЕЛЕР ТІЗІМІН МЫНА ЖЕРДЕН КӨРЕ АЛАСЫЗДАР

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.