• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда биылғы жылы 130 мыңнан астам шетелдік турист болды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек  мегаполистің жетекші туроператорларының қатысуымен «Туризмді дамытудың 100 қадамы» қалалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Соңғы  үш жылда шетелдік туристер саны 14%-ға өсті. Алматыда биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Оңтүстік Кореядан, Индия мен Ресейден, ҚХР-нан, Түркиядан, АҚШ пен ГФР-нан 130 мыңнан астам адам болды. Оның үстіне туристік лектің  80%-ға жуығы қалған үш тоқсанда келеді. 

Қала әкімінің орынбасары Әсел Жүнісова өзінің сөзінде халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің, Бүкіләлемдік Универсиаданың, ОЭСР Еуразиялық апталығының, сонымен қатар «Star of Asia», «Spirit of Tengri»,  «Ұлы дала ойындары», «Алматы Марафон» және «Tour of Almaty» сынды  музыкалық , спорттық шаралардың өтуі туристер легіне оң ықпал еткенін  атап өтті.

«Бүгінгі күні қала экономикасының 87%-ын қызмет көрсету саласы құрайды, алайда Алматының  жалпы өңірлік табысында туризмнің үлесі небәрі 1,5%. Мегаполистің туристік әлеуетін арттыру мақсатында Алматы агломерациясының тау туризмі бойынша шеберлік - жоспары жасалды, оның құрамына Медеу, Шымбұлак, Алматау және Бутаковка енді. Биылғы жылы әлемдік деңгейдегі Kempinski және Novotel отелдерінің, түрлі бутик –отельдер мен хостелдердің құрылыстарын аяқтау жоспарланған. Жыл аяғына дейін  14 халықаралық агенттіктер үшін БҰҰ-ның өңірлік  ХАБ-ы  ашылады. Париждің, Стамбулдың, Бангкоктың тәжірибесі  мұндай шараның шетелдік туристер легін ұлғайтатынын, халықаралық деңгейде қаланың танымдылығын арттыратынын көрсетті», - деді Әсел Жүнісова.

Ол сонымен қатар қазіргі кезде туристердің көпшілігі өз беттерінше сапарға шығатынын, арнайы веб- тұғырлар арқылы демалыстарын жоспарлайтынын айтты. 
«Жыл сайын  Алматыға деген қызығушылық артуда, оны дестинация арқылы әлемдік TripAdvisor тұғырнамасынан көруге болады, онда қалаға қатысты сұраныс 465 тен 66 824 өтінімге өскен. Бұл тұғырнаманы көбінесе АҚШ-тың, Ресейдің, Ұлыбритания мен Индияның,Германияның азаматтары пайдаланады», - деп сөзін жалғастырды.

Өз кезегінде  мегаполис  әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев Алматының басты туристік «қақпасы» ретінде көлік тораптарының  модернизацияланып жатқанын айтты. 

Ол келесі айдан бастап барлық қалааралық және халықаралық рейстердің  «Сайран» автовокзалы арқылы іске асатынын жеткізді. Қазіргі кезде ғимарат қайта жасалуда, оның айналасы абаттандырылып, көлік- логистикалық инфрақұрылым модернизациялануда. 

«Барлық заңсыз конструкциялар алынып тасталды. Ғимараттың кіре беріс бөлігін қайта жасау  жоспарланған, сонымен қатар такси тұрақтары мен халықаралық қатынас аймағы кеңейеді.  Нысан  ішінде локальді туристік орталық ұйымдастыру қарастырылуда, оған жақын және алыс шетелдермен жұмыс жасайтын қалалық туроператорлар  орналасатын болады. Автовокзал ғимаратының ішінде қоғамдық тамақтандыру  нүктелерін ашу үшін халықаралық брендтермен келіссөздер жүруде», - деп баяндады Мұрат Дәрібаев.

Бұлардан өзге,«Қазақстан темір жолымен» бірге «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарын қайта жасау жұмыстары жүруде. 200 автомобильді қысқа прокатка беру сервисін ашу жоспарланған. Егер өткен жылы Алматыда қоғамдық көліктің 479 бірлігі алынса, биылғы жылы тағы да 569  жаңа автобус қатарға қосылады. 

Кеңес барысында оған қатысушылар пәтерлерін қысқа мерзімді жалға беретін кәсіпкерлердің жұмысын реттеуге баса назар аударды: «Қазіргі кезде магистральді көшелердің бойында тұрған адамдар пәтерлерін тәулік бойына ұсынады. Олардың жұмысы  көлеңкелі, салық төлемейді. Пәтерлерін жалға ұсынғандықтан, мүмкін оларды заңдастырған жөн шығар. Бірыңғай нүкте ұйымдастырып, оларға жағдай жасау қажет болар. Жұмыстарын жасасын, бірақ ресми түрде».
Бұлардан өзге, туристерді тасымалдайтын туристік компаниялар автобустарының сертификаттары қаралатын болады. Бұл шара қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасын арттырады. 

Кездесу барысында  Қазақстандық туристік ассоциация  директоры Рашида Шайкенова Іле- Алатау саябағында туристердің суретке және видеоға түскендері үшін ақша төлеудің қаншалықты заңды екені туралы мәселе көтерді. 

Жиынға қатысып отырған Іле- Алатау паркінің бас директоры  Дамир Малгелдиев тек коммерциялық түсірілімдерге ғана ақша төленетіні туралы жауап берді. Егер инспектор  келушілерден ақша талап ететін болса, шара қолдану үшін әкімшілікке жүгіну керектігін айтты. Ол өзінің  сөзінде Іле- Алатау паркін одан  әрі дамыту туралы дирекцияның арнайы концепция жасағанын, бұл құжатты Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесі мүшелерінің жіті қарап шығатынын атап өтті.

Еске салсақ, қала кеңістігі жайлылығын қалыптастыру мақсатында Алматыда биылғы жазда 150-ден астам көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты  өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге  мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.