• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда бизнеске қаржылай қолдау көрсету үшін 12,2 млрд теңге бөлінді

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Алматыдағы ШОБ-ты қолдау және өнеркәсіпті дамыту шаралары, сондай-ақ «Almaty Business-2025» бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтты.

Алматы үшін шағын және орта бизнестің өте маңызды екенін ескере отырып, қала әкімдігі осы секторға жан-жақты қолдау көрсетуде және экономиканы қалпына келтіру үшін дағдарысқа қарсы барлық қажетті шараларды, оның ішінде «Almaty Business-2025» аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қабылдауда.

Бағдарлама бизнеспен жұмыс жасаудың бес негізгі институционалды бағытын қамтиды. Оның құрамына Qolday кәсіпкерлік орталығын, несие беру үшін жеке және микроқаржы институттарын құру, Алматы қаласы аумағында өндірістік парктерді ұйымдастыру, кейбір кәсіпкерлерге жеке әрі шағын өндірістерін ұйымдастыруы үшін жеңілдетілген несие беру кіреді.

Е. Оразалин пандемияға әрі жылдың күрделі болғандығына қарамастан несиелеуді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, өндірісті, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыс орындарын сақтау шараларының Алматы экономикасына оң әсер еткенін атап өтті.

Мәселен, Qolday кәсіпкерлік орталығы 2020 жылы ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге 90 мыңға жуық консультация берді. Бүгінгі күні жалпы сомасы 42 млрд теңгені құрайтын 52 жоба бойынша консультация берілді. «Бір терезе» қағидаты бойынша 500-ден астам рұқсат құжат ұсынылды.

Орталықта ШОБ өкілдеріне өз бизнесін дамытуға қатысты түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардан рұқсат құжаттарын алу үшін тегін қолдау көрсетіледі, сонымен қатар түрлі қаржы институттарында қаржыны жеңілдікпен алуларына көмектеседі.

«Біз кемшіліктерді жойып, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 5 млн-ға дейінгі көлемдее грант бердік, олар грант алғаннан кейінгі алғашқы кезеңде өз бизнесін тегін жүргізе алады. Екінші кезеңде бизнес жоспарларды әзірлеу бойынша әрі заңгерлік және бухгалтерлік коснультация берілді. Егер екінші кезеңде өз бизнесін дұрыс жүргізіп, оны кеңейтуді қаласа, онда олар біздің шағын қаржы институттарымызға жүгініп, 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуларына болады», - деді Е. Оразалин.

Оның айтуынша, бұл институттар Алматы қаласы әкімінің тікелей тапсырмасы бойынша жергілікті бюджет қаржысы есебінен гранттар көлемін ұлғайту аясында қосымша экожүйе құруда.

Жалпы, бизнеске қаржылай қолдау көрсетуге 12,2 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыруды «Almaty Finance» несиелік ұйымы және «Алматы» МҚҰ жүзеге асырады. «Almaty Finance» 500 млн теңгеге дейін ірі және орта жобаларға несие беруді қарастырады, «Алматы» шағын және микробизнеске бағытталған әрі мұнда несиенің ең жоғарғы мөлшері 70 млн теңге деңгейінде белгіленген.

Жалпы алғанда 40-тан астам жобаға несие берілді.

Айта кетерлдігі, бұл институттар пандемия кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру процесстеріне де қатысты. Мысалы,осы қаржы институттары тарапынан бөліеген 12,2 млрд теңгенің 4 млрд-ы Алматы қаласындағы ірі дистрибьютерлік компанияларға, медициналық заттар мен дәрі-дәрмектерді жеткізушілерге берілді. Осы орайда Тұрақтандыру қорын ұйымдастыру идеясы туындады. Тіпті, оны еліміздің өзге өңірлері де іліп әкетіп, ұтымды пайдалана бастады. Қаржының қалған бөлігі – 60%-ке жуығы өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларға жұмсалды.

Өндірістік парктерді ұйымдастыру тетігі де ойдағыдай жұмыс істей бастады. Осы орайда мақсат қалалық әкімдік ірі бизнеске бос ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіруге немесе жаңа орын салуы үшін 6%-пен жеңілдетілген несие береді.

«Мұнда осы жобаға қосымша ретінде өндірістік парк резиденттерін жылына 2% -тік мөлшерлемемен несиелендіру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл — ҚР баламасы жоқ акция. Біз бүгінгі күні осындай үш жобаның ойдағыдай жұмыс жасап жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Үш жоба толығымен жабдықталған, істерін жаңа бастаған кәсіпкерлер осы өндірістік орындарды жалға алды. Бұдан өзге, біз Индустриялды аймақта осыған ұқсас өндірістік парктерді құру үшін жалпы алаңы 40 мың шаршы метр болатын 4 жер учаскесін қосымша бөлдік. Барлық құжаттама, ереже әзірленіп, қабылданды. Бүгінгі күні Индустриялды аймақтағы 4 өндіріс паркіне әлеуеті жоғары қатысушылардан 50-ден астам өтініш келіп түсті», - деді Е. Оразалин.

Е. Оразалин пандемия кезінде зардап шекке қандай салаларға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілгені туралы айта келіп, 2020 жылы несиелердің 70%-ті сауда және қызмет көрсету саласына бөлінгенін атап өтті. Маңыздысы сол, осы несиелердің арқасында бизнес ауқымы артып, қаржы айналымы толықты.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.