• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда блок бекеттер қай жерлерде орнатылады

Бұрын хабарланғандай, короновирустық инфекцияның таралуына тосқауыл қою мақсатында карантин кезеңінде автокөлік құралдарының кіруіне және қаланың сыртқы шекарасына шығуына шектеу енгізіледі, қала периметрі бойынша 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен блок бекеттер қойылады. Олар қалаға барлық кіреберістерде, оның ішінде 10 магистральды көшеде орналасады.

«Осыған байланысты Алматы полициясы азаматтарды қозғалу бағыттарын алдын ала жоспарлап, төтенше жағдай, карантин, жол жүру ережелерін сақтауға, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырады.

«Төтенше жағдай режимін бұзу немесе төтенше жағдайдың жариялануына байланысты талаптарды орындамау 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады. Төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі подполковник Салтанат Әзірбек.

Бұдан басқа полиция төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратуға жол бермейтінін еске салды. Мұндай әрекеттер үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Блок бекеттердің қай жерлерде орналасатынын мына жерден көруге болады.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.