• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда борыш пен еңбекақы төлемінің кешіктірілуін болдырмау бойынша күшейтілген режимде шаралар қабылдануда

Бұл туралы карантин жағдайындағы еңбек заңнамасындағы өзгерістер және еңбек қатынастарын реттеу аспектілері тақырыбы төңірегінде өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мен қаланың бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова тарқатты.

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтеріне сүйене отырып, коронавирустық пандемия салдарынан бүгінде әлемдік еңбек нарығы ең ауыр дағдарыстардың бірін бастан өткеріп жатқанын атап өтті.

«Жасыратыны жоқ, мәжбүрлі карантиндік шаралардан шағын және орта кәсіпкерлік саласы көп зардап шекті. Осыдан екі ай бұрын төтенше жағдай басталған (16 наурыз) кезде азаматтардың өтініштерін шұғыл қарап, оң шешімдер қабылдап отыру мақсатында Жедел басқару штабы құрылды. Нәтижесінде жедел телефон желілері арқылы еңбек заңнамасының талаптары мен қажетті шараларын түсіндіру бойынша 700 адамға қызмет көрсетіліп, 490 жазбаша өтініш қаралды», — деді ол.

Одан әрі осы саладағы маңызды ақпараттармен Алматы қаласы бойынша бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова бөлісті. Оның сөзіне сүйенсек, осы жылдың 22 мамырындағы жағдай бойынша аталмыш басқарманың мемлекеттік инспекторлары 81 тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасының 92 рет бұзылған дерегін анықтады.

Дер кезінде шаралар қабылданып, нәтижесінде 35 кәсіпорында 72 миллион теңге көлеміндегі жалақы бойынша қарыз өтелген. БЖЗҚ-ның дерегі бойынша, наурыз-сәуір айларында зейнетақы аударымдарын төмендеткен кәсіпорындардың тізімі анықталған. Енді аудандық әкімдіктермен бірлесіп, осындай аударымдардың неліктен төмендетілгендігіне талдау жүргізіледі. Сондай-ақ, жалақыны кешіктіру және төлемеу деректері бойынша да жұмыс берушілерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

«Бүгінгі күні Алматы қаласында дәлі қазіргі және мерзімі өткен берешектер жоқ. Алайда, банкротқа ұшыраған кәсіпорындарда берешектер бар. Олар 438 қызметкер алдындағы қарызы 44 млн. теңгеден асып жығылады. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысымен аудандық әкімдіктермен, прокуратурамен, мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесіп тиісті тексеру жұмыстары мен талдау жүргізіледі. Содан кейін барып жалақы бойынша қарыздарды қысқарту шаралары қабылданады», — деді А. Мұқажанова.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.