• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда COVID-19 вакцинацияның болашағы туралы айтылды

Алматыда COVID-19-ға қарсы вакцинопрофилактиканың мүмкіндіктері туралы айтылды. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к. Эльмира Битанова коронавирусқа қарсы вакцинацияға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Оның пікірінше, коронавирус инфекциясын болдырмаудың тиімді әдісі вакцинация болып табылады.

«Коронавируспен күресудің көптеген жолдары бар, оның ішінде санитарлық нормаларды, алдын-алу шараларын сақтау, қоздырғышпен және инфекцияның таралуымен күрес. Атап өтетін жайт, коронавирус әрқашан болған. Ғалымдар бұл инфекцияның бірнеше түрін біледі. Негізінен құстар, иттер, мысықтар сияқты жануарлар ауырған. Бірақ адамдарға да зақым келтіретін – SARS жедел респираторлық синдромы және MERS Таяу Шығыс синдромы деген коронавирус инфекциясы бар. Пандемия басталғанда MERS және SARS вакциналарының атқарылған әзірлемелері болды», — деді Э. Битанова.

Сарапшының айтуынша, кез келген вакцинаны, соның ішінде коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығару бұл ұзақ әрі көп еңбек жұмсалатын процесс.

«Біздің бәрімізді вакцинаның қауіпсіз және тиімді болуы алаңдатады. Вакцинаны жасау үшін уақыт қажет екені белгілі. Стандартты схема бойынша, негізгі зерттеулер бес жыл, клиникаға дейінгі зерттеулер екі жыл, үш қосалқы фазадан тұратын еріктілердің клиникалық сынағы 7-10 жылға созылуы мүмкін. Әрі қарай тіркеу және қауіпсіздікке жауап беретін әртүрлі ұйымдармен мемлекеттік бақылау, содан кейін ғана вакцина жаппай өндіріске жіберіледі. Жаңа вакцинаны әзірлеуге орта есеппен 10-15 жыл кетеді», — деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, Э. Битанова вакциналарды, атап айтқанда MERS және SARS-ке қарсы вакциналарды жасау бойынша жинақталған тәжірибе COVID-19-ға қарсы вакцинаны жасау процесін жеделдеткенін айтты. Қазіргі уақытта кейбір елдер вакциналарды жасап шығарды және олар еріктілер арқылы клиникалық сынақтан өтуде. Бұл жағынан Қытай, АҚШ, Еуропаның кейбір елдері, Ресей елдері көшбасшы болып табылады.

Клиникаға дейінгі сынақтарда 160 кандидат вакцина бар. Э. Битанова атап өткендей, коронавирусты вакцинациядан жұқтыру мүмкін емес.

«Қазір үшінші кезеңге шыққан вакциналар, ал олар жетеу, әртүрлі сипатқа ие. Вакцина қандай болса да, онда вирус тірі болмайды. Тірі вакцинаны жасап, оны жүзеге асыруға жақын екендіктерін мәлімдеген көшбасшылар онымен айналыспайды. Тірі вакцина – бұл полиомиелитті вакцина, ол өте тиімді және вирустың әлсіреген тірі штаммы болады. Коронавирусқа қарсы вакцина жасанды болатын шығар.Тексерілмеген вакцина қолданылмайды, бұл процесс барлық деңгейде бақыланады», — деді Э. Битанова.

COVID-19 вакцинасының кімдерге қарсы көрсетілімдері бар деген сұраққа дәрігер зерттеулер әлі де жүргізіліп жатқанын айтып,түсіндірді. Әзірлеуші ғалымдар белгілі бір вакцинаның абсолютті және салыстырмалы қарсы көрсетілімдерінің тізімін шығарады.

«Вакцина әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Егер біз тәжірибеге жүгінетін болсақ, тауық эмбриондарында өсірілетін тұмауға қарсы вакцина бар делік. Бұл дегеніміз, тауық ақуызына аллергиясы бар барлық адамдар бұл вакцинаны қолдана алмайды. Вакцинаның шығарылғанын күтіп, өндірушінің талаптарын орындау керек. Егер біз клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі туралы айтатын болсақ, онда ондаған мың адам туралы сөз болады. Барлық қолайсыз салдарлар мен ықтимал асқынулар және т. б. өте мұқият есепке алынады. Сынақтардың үшінші кезеңі туралы жауапты алмай, қазір қандай да бір қарсы көрсетілімдер туралы айта алмаймыз», — деп хабарлады Э. Битанова.

Сонымен қатар, ол вакцинацияның тиімділігіне ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болатынын атап өтті. Әр түрлі бағалаулар бойынша орташа көрсеткіш 70% құрайды.

«Егер популяцияның 70%-ы коронавирус инфекциясына қарсы тұрақты иммунитетті алса, бұл ауру болды ма немесе вакцинадан кейінгі иммунитет пе – қорғаныс қандай жолмен пайда болғанына қарамастан, қандай жағдай болмасын вирустың айналымы тоқтайды. Сол кезде осы 70% қалған 30%-ын қорғайды. Яғни, біз сол көрсеткішке қол жеткізуіміз керек. Егер вакциналардың тиімділігі өндіруші көшбасшылар мәлімдегендей болса, онда біз оған қол жеткіземіз. Бірақ вакцинация мүмкіндігінше кең болуы керек», — деп қорытындылады дәрігер.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.