• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтетін орындар көбейді

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу мақсатында әкімдік пен «Алматы» ӘКК бірқатар нақты шараларды іске асыруда. Соның бірі – демалыс күндері жәрмеңке өткізу.

2019 жылы Алматыда демалыс күндері жәрмеңке 4 жерде өткізілетін. 2020 жылдың басынан бері жаңа 6 сауда нүктесі ашылды. Жәрмеңкелерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 түрі әлеуметтік бағамен ұсынылады.

Жәрмеңкелер қаланың барлық аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша өтеді:

  • Алмалы ауданы: Гоголь к-сі – Масанчи к-сі;
  • Әуезов ауданы: Абай даңғ. – Өтеген батыр к-сі; Саин к-сі – Шаляпин к-сі;
  • Бостандық ауданы: «Қазақфильм» ы/а, Жароков к-сі, әл-Фараби даңғ. жоғары;
  • Жетісу ауданы: «Құлагер» ы/а, Серіков к-сі;
  • Наурызбай ауданы: «Қалқаман» ы/а, Әуезов к-сі, №1 қалалық клиникалық аурухана алдында;
  • Медеу ауданы: Меңдіқұлов к-сі – Бектұров к-сі;
  • Түрксіб ауданы: «Жұлдыз» ы/а;
  • Алатау ауданы: «Нұркент-5» ы/а, Атлетикалық ауыл, орталық аллея; «Саялы» ы/а, №28 үйдің маңы.
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.