• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда е-ПИК «Тұрғындарға арналған қолжетімді сервис» порталы іске қосылды

Алматыда «Тұрғындарға арналған қолжетімді сервис» (е-ПИК) порталының таныстырылымы болды, ол тұрғындарға ЭЦҚ арқылы ПИК-ті (басқару органы) таңдауға, ауыстыруға, онлайн есептерді көруге, шығындар сметасына дауыс беріп, үйден шықпай-ақ онлайн жиналыс өткізуге мүмкіндік береді.

е-ПИК порталы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы және «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ бастамасымен «Almaty – adaldyq alany» жобалық кеңсесімен бірлесе іске қосылып отыр. Портал Smart Almaty тұжырымдамасының негізгі жобаларының бірі болып табылады.

«Жаңа порталды қолдану ПИК-тер жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді және қаладағы тұрғын үй сервисін арттырады. Үйлердің әрбір тұрғыны өз үйі мен кооператив туралы және оның қызметі жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет алып, күрделі жөндеу, төрағаны ауыстыру және басқа мәселелер бойынша онлайн дауыс бере алады», - деп атап өтті Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Бақытжан Ақжаров.

www.almaty-ksk.kz порталында тұрғын үй инспекциясына басқару органына қатысты шағым жіберуге, учаскелік инспектордың мәліметтерін білуге, үй туралы толық ақпарат алып, өзекті сұрақтарға (FAQ) жауап табуға болады. Басқару органдары портал арқылы өз қызметтерін тұрғындармен келісе ашық жүргізіп, ұсынылатын қызметтер сапасын арттыра алады.

Айта кетерлігі, бұл алғашқы жоба емес. Тұрғын үй инспекциясы электронды түрде тұрғындарға пәтер беру және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірқатар бағдарламаны іске асырып келеді. Мәселен, өткен жылдан бастап есепке алу және кезекке қою, сонымен қатар мұқтаж жандарға мемлекеттік қордан пәтер бөлу бойынша шешім шығару тек электронды түрде жүзеге асуда. Бұған қоса Алматыда республика бойынша алғаш рет кезекте тұрғандарды электронды қайта тіркеу енгізілген. Пәтерлер мен «1С: Бухгалтерия» базасында жалға алу төлемдерін есепке алу жолға қойылды.

Осылайша Алматыда пәтер кезегіне қоюдан бастап, үлестіруге дейін тұрғын үй беру үдерісін информатизациялау толық аяқталды.

«Басқарма тағы екі қызметті көрсетеді, олар – мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерді жекешелендіру және коммуналдық тұрғын үй қорында тұрақты пайдаланатын жеке үй бар немесе жоқтығы туралы анықтама беру. Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімінде оларды электронды форматта ұсыну қарастырылмаған. Осы мемлекеттік қызметтер бойынша ағымдағы стандарттарға өзгерістер енгізілген соң, кез-келген азамат мемлекеттік органға немесе ХҚКО бармай-ақ Басқарма сайтынан анықтаманы алып, үйін жекешелендіру бойынша өтініш бере алады», - деп түсіндірді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Бақытжан Ақжаров.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.