• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады

Тиісті хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды.

Техникалық сипатына сәйкес, автобустардың сыйымдылығы үлкен, едендері төмен, кондиционерлермен, бейнебақылау камераларымен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталуы және Евро-5 экологиялық стандартына сай болуы тиіс.

Жалпы, қалада көлік реформасы аясында 2018 жылы түрлі бағыт бойынша 479 жаңа автобус жүре бастады. BRT желісіндегі аялдамаларда алғашқы электронды таблолар пайда болды, оларда қоғамдық көліктің нөмірі, бағыты және аялдамаға қашан келетіні туралы ақпарат көрсетіледі.

Қазіргі кезде Желтоқсан - Төле би - ШАЖ - Құлжа жолын қамтитын ұзындығы 13,2 км болатын желінің екінші кезегінің жобалық-сметалық құжаттары жасалу үстінде.

Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүргізушілер Біліктілік орталығында оқып жатыр. Сонымен қатар, автопарктер жүргізушілер үшін бірыңғай форма алуда.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.