• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда интернет сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтылды

Алматыда интернетке қолжетімділік және оның сапасын жақсарту бойынша көп жұмыстар жасалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында қаланың Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты.

«Бұл жұмысты біз бір жыл бұрын бастадық. Нәтижесінде бізде Алматы қаласы бойынша 200-ден астам нүкте бар, байланысы нашар болғандары жабылды. Қала және агломерация периметрі бойынша жекеменшік сектордағы нүктелерді жабуға назар аударылуда», — деп атап өтті Б. Қоңырбаев.

Басқараманың мәліметінше, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс операторларымен бірлесіп антенна-діңгек құрылыстарын салу және базалық станцияларды орнату үшін 67 нүкте анықталған болатын. Бұл нүктелер ұялы байланыс операторлары мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерімен келісілді. Барлық мекен-жайлардың ішінен 6 нүкте барлық қажетті инстанциялардан оң қорытынды алды, біреуі санитарлық нормаларға қатысты мәселе болды, бірақ санитарлық паспорт алынды.

«LC Commerce» ЖШС компаниясымен жаңа 25 нүкте бойынша зерттеулер жүргізілді және «МТ-С» ЖШС-мен радио-жоспарлау бойынша мәселелер келісілді. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС осы нүктелер бойынша санитарлық паспорттарды алу үшін жұмыс істеуде.

«Кар-Тел» ЖШС 12 жаңа станцияны іске қосты, сондай-ақ 3 нүкте бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қосымша, Алматы қаласының жақын мекен-жайлар бойынша 9 базалық станция іске қосылды.

«Kcell» АҚ жаңа базалық станцияларды монтаждау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан 6 мекенжай бойынша Ақжар шағын ауданындағы Әншіқұм к-сі, 1 (Наурызбай ауданы), Заря-Восток шағын ауданындағы Садовая к-сі, 166 (Алатау ауданы) және Абай к-сі, 90 (Бостандық ауданы) станцияны іске қосты. Қалған 3 нүкте бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі таңда Білім басқармасымен бірлесіп интернетпен қиындықтар байқалатын нүктелер пысықталуда, сондай-ақ білім басқармасы берген нүктелер бойынша кемінде екі мобильді оператор қамтылған.

Сондай-ақ жеке инвесторлар «Билайн» компанияларының жаңа станциясын іске қосты. Кеңсай шағын ауданында ағымдағы жылдың желтоқсан айының ортасына жоспарланған жаңа базалық станцияны орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Жаңа базалық станцияларды орнату тұрғындардың радиофобиясы сияқты, сондай-ақ, нақты Кеңсай шағын ауданы бойынша таулы жерлер болғандықтан орын табу мәселесі қиындайды», — деп қорытындылады Б. Қоңырбаев.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.