• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда иттер мен мысықтарды тегін кастрациялау және зарарсыздандыру бағдарламасы басталды

Үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғасатын мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 3320: қаланың әр ауданынан 415 ит пен мысық қамтылатын болады

Қазір 6 ветеринариялық клиника төрт аяқты жануарларды қабылдауды бастады:

1. «AllVet» – Төле би көшесі, 279Б; тел.: 396-71-73;

2. «Mastino» – Есенберлин көшесі, 217 үй; тел.: 327-44-88;

3. «Ветеринарлық медицина орталығы» – Жамақаев көшесі, 32 үй; тел.: 313-13-28;

4. «Ветеринарлық медицина орталығы» – «Мамыр-4» шағынауданы, 111 үй; тел.: 313-13-21;

5. «АлматыВет» – Жансүгіров көшесі, 311; тел.: 397-22-76;

6. «ЗООВИТА» – 8 шағынауданы, 10А үй; тел.: 249-85-19.

Кейінірек бұларға тағы 2 ветеринариялық аурухана қосылады.

Бағдарламаға қатысу үшін жануарлардың иелері жеке куәлік және ветеринариялық төлқұжатты көрсетуі қажет. Соңғысы болмаған жағдайда, құжатты сол жерде (иесі есебінен) рәсімдеуге болады.

Кастрациялауға және зарарсыздандыруға қойылған жас шектеуі – 9 айдан 9 жасқа дейін. Барлық емдеу шаралары үй жануарлары иелерінің келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, аталған іс-шаралар «Алматы қаласының серіктес-үй жануарларының әл-ауқаты 2017-2020» жол картасы шеңберінде өтіп жатыр және қараусыз қалған иттер мен мысықтардың санын ізгілікті реттеуге бағытталған.

Сонымен бірге емдеу шараларының сапалы өткізілуіне қатысты шағымдар болған жағдайда, қала тұрғындары Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390-21-22 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.