• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда «Jasyl meken» жалпықалалық шарасы шеңберінде бір күнде жеті мыңдай ағаш отырғызылды

Отырғызылған ағаштардың ішінде: шаған, қайың, жөке ағашы, емен, үйеңкі, акация, шырша және басқа да түрлері бар. Бұл ағаш түрлерінің көбі таулы жерлерде жақсы өніп кетеді жəне аса күтіп баптауды қажет ете бермейді. Бастысы бұл ағаштар қаланың атмосферасын оттегімен қанықтырады. Отырғызылған ағаштар қаламыздың көшелері мен саябақтарына көрік берді.

Жалпықалалық шараға120 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде тұрғындар, қоғамдық жəне жастар бірлестіктерінің өкілдері, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, заңды тұлғалар, ПИК, ЖҮТК және жастар.

Ағаш егумен қатар аудандарда көшелерді, аулаларды, ортақ пайдаланудағы жерлерді, арықтарды, сондай-ақ өзен арналары мен жағалауларын санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жиналған қоқысты шығару үшін 900-ге жуық арнайы техника тартылды.

Шара шеңберінде Шығыс айналма автомобиль жолының бойына Диваев көшесінен Одесская көшесіне дейін 557 ағаш отырғызылды, соның ішінде 100 емен, 175 жөке ағашы, 100 церцис, 75 катальпа, 25 қайың жəне 82 шырша. Жалпы осы көктемде 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.