• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда камералар көліктің жүріп өткен бағыты бойынша жылдамдығын анықтайды

Алматы жолдарындағы камералар қозғалыс бағыты бойынша орташа жылдамдықты өлшейтін болады. Жылдамдықты тіркеудің жаңа жүйесі 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап іске қосылады.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған жүйесінің бекеттері кейбір техникалық түзетулер енгізілгеннен кейін, бұдан былай бекеттерге жақын жерде ғана емес, бүкіл қозғалыс бағыты бойынша жылдамдық режимін арттыру деректерін анықтайды.

Жылдамдықты арттыру жол-көлік апаттарының басты себебі болып табылады. Бүгінгі таңда қолданылатын жылдамдықты тіркеу жүйелерінің тиімділігі бекеттерді орнатудың нақты нүктелерімен шектелген. Көлік иелерінің көбі бақылау нүктелерінің алдында ғана жылдамдықты азайтып, камераның шолу аймағынан шыққаннан кейін бірден жылдамдық режимін бұзады. Осыған байланысты, бүкіл бағыт бойында орташа жылдамдықты анықтау әдісі орынды. Себебі ол жүргізушіні бақыланатын аймақтарда жылдамдықты асырмауға мәжбүрлейді.

Орташа жылдамдық V = S/T формуласы бойынша есептеледі. S – екі бейнебақылау камерасы арасындағы қашықтық, Т – осы қашықтықты жүріп өткен уақыт.

Бұл жүйені енгізудің маңызды артықшылығы «жергілікті» бақылаудан «желілікке» көшу болып табылады. Яғни, Полиция департаменті бүкіл қаланы камерамен толтырмай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігін бірнеше есе арттыра алады.

Жүйені енгізу жүргізушінің жолда жүру тәртібін және белгіленген жылдамдық режимін сақтауына тиімді әсер етеді, бұл жол-көлік апаттарының, әсіресе жарақат алғандар санының азаюына әкеледі. Осыған ұқсас жүйелер Еуропалық Одақ елдерінде, АҚШ, сондай-ақ Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресейде қолданылады.


 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.