• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда карантин кезінде кәсіпкерлерді қолдайтын қолжетімді тетіктер

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді.

Бұған дейін кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігімен бірлесіп, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша «Almaly» халыққа қызмет көрсету орталығын ашқан болатын. Аталған орталықта «Атамекен» ҰКП, «Almaty Finance» ЖШС, Qoldaý, «Іскер ана» бағдарламасымен «Бақытты отбасы» орталықтарының мамандары қызмет көрсетеді.

«Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары бойынша несиелер 6%-тен берілетінін айтты. «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында бұл жұмыс басталып кетті. Сондай-ақ өңірлік бағдарламалар бар. Осы бағдарламалар бойынша бүгінгі таңда кәсіпкерлер инвестициялық, айналым мақсаттарына орта есеппен 5 жылдан 10 жылға дейін қарыз ала алады», — деді Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Сондай-ақ ол кепілзаты жоқ кәсіпкерлер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры желісі бойынша 85%-ке дейін кепілдендіру құралдарын пайдалана алатынын атап өтті.

«Қалада өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Qoldaý кәсіпкерлік орталығы бар. Алматы – бұл экономиканың локомотиві, бүкіл ел бизнесінің ¼ бөлігі осында шоғырланған», — деп қорытындылады Н. Әбілшайықов.

Орталық қызмет көрсетуге және халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына бағытталған. Мұнда «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқу сыныбы да бар. Орталықта тұрғылықты жеріне қарамастан кез келген адам қызмет ала алады. «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы байланыс орталығының нөмірі +7 (727) 225-1079.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.