• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері күні мерекеленуде 

Салтанатты шара барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек  Қазақстаннның мемлекеттік Рәміздері Отанымыздың тарихы мен дәстүрін және халқымыздың қайталанбас ерекшелігі мен ұлылығын паш ететінін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап  Президенттің барлық бағдарламалары мен реформалары қарапайым  қазақстандықтарға, ең алдымен жастарға бағытталды. Биылғы жылы жарияланған Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы»  жас отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, студенттік жатақханалар мәселесін шешуге, сапалы жоғары білім  алуға кең мүмкіндік береді. Осынау  базалық басты негіздер әрбір жас адамның өз әлеуетін жүзеге асыруға, табысқа жетуітне жол ашады», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Айта кетерлігі,  биылғы жылы қалада жастарға  арналған қалалық «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы одан әрі  жалғасатын болады. Жас отбасылар алғашқы жарнасыз 5%-дық несиемен пәтер алулары үшін жергілікті бюджеттен  2 млрд. теңге бөлінді. Жеке бала бақшаларда 3 мыңдай балаға мектеп жасына дейінгі білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайып, 850 млн. теңге бөлінді. Қарт адамдарды мегаполистегі  белсенді өмірге тарту үшін аға ұрпаққа  арналған «Белсенді ұзақ өмір» арнайы бағдарламасы жасалды.
Мемлекеттік Рәміздер күні құрметіне «Халык Арена» мұз кешенінің сахнасында әскери оркстрлер ұжымдары мен қазақ эстрада жұлдыздары, соның ішінде Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Әли Оқапов және басқалары өнер көрсетті. Бүгін  Панфилов көшесі бойымен Абай атындағы опера және балет театрынан Жібек жолы көшесіне дейін оркестрлердің мерекелік шеруі  өтеді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.