• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Қазыбек би көшесінің бір бөлігі екі айға жабылады

13 ақпан мен 25 сәуір аралығында Қазыбек би көшесінің Мұқанов пен Масанчи көшелері арылығында көлік қозғалысы шектеледі.

Енгізілетін шектеулер осы көшедегі жерасты магистральды құбырын жоспарлы жөндеу қажеттігімен байланысты.

Қазыбек би көшесінің жабық бөлігін Төле би және Әйтеке би көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Диаметрі 1000 мм жылу трассасын жоспарлы жөндеу тұтынушыларды жылумен қамтуға еш кесірін тигізбейді.

Тозған құбырларды заманауи құбырларға ауыстыруды қарастыратын Алматының инженерлік желілерін қайта жаңарту штаттан тыс жағдайларды және қалалық жылумен жабдықтау жүйесі жұмысындағы тәуекелдерді азайту үшін қажет.

«Алматы жылу жүйесі» компаниясының өкілдері мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өту бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.

Ақпарат көзі: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.