• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда көлік реформасы аясында тағы 500-ден астам жаңа автобус сатып алынады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында жаңа №19  бағыты бойынша жолға шыққан жаңа автобустарды көрді. 

Қала тұрғындарының өтінімі бойынша ашылған жаңа бағыт Жароков, Розыбакиев, Рысқұлов сияқты магистральді көшелерді және «Қазахфильм», «Алғабас» елді мекендерін қамтиды. Бұларға 20 төмен еденді сыйымдылығы үлкен автобустар қызмет көрсетеді, қозғалыс интервалы 6-7 минут. 

Жалпы, көлік реформасының кезең аралық қорытындысы соңғы  екі жыл ішінде қаланың бағыт желілеріне 500 жаңа автобустардың шығарылғакнын көрсетті. Көлікті жаңартудың арқасында 18  бағыт бойынша автобустардың қозғалыс интервалы 3 есе қысқарып, 9 минут болып, жолаушылардың күнделікті легі орташа 46%-ға  артқан.

Бұлардан өзге, 14 жаңа бағыт жасалды әрі ашылды. Қалалық автопарктегі  қолданылғаны  3 жылға дейінгі автобустар үлесі қазірдің өзінде 44 %-ды құрайды. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек  ОСЭР стандарттарына сай жолаушылар көлігін тұрақты қалыптастыру үшін қаланың автобус паркін жаңарту және кеңейту қажеттігін атап өтті.
Биылғы жылы «Алматыэлектротранс» ЖШС үнемделген қарды және алынған пайда есебінен ЛиАЗ және IVECO маркалы 199 автобус алуды жоспарлаған. «Green Bus company» ЖШС газбен жүретін 200 автобус алатын болады. Жек тасымалдаушылар тағы да 131  сатып  алуды қарастырған. Осылайша,  2018 жылы Алматының автобус паркі тағы да 30%-ға жаңарады.  

Бұлардан өзге қалада метро желісі және оның екі бекеті салынуда, BRT  және LRT жобаларын жүзеге асыру қолға алынуда. Жыл аяғына дейін қазақстандық- неміс компаниясы үшінші кезеңдегі электроавтобустар шығаратын зауыттың құрылысын бастайды. 

Айта кетерлігі, Алматыда №12, 22, 50, 56, 57, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131, 137 бағыттары бойынша жаңа  автобустар жолға шығып, №77 және № 98 бағыттары қайта  жаңарып, №1 бағыт пен  №201 магистральды бағыты ашылған еді.Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.