• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда көпбалалы отбасылардан жеңілдетілген ипотека бойынша өтініш қабылдау басталды

Алматы қаласының әкімдігі «Бақытты отбасы» арнайы қалалық тұрғын үй бағдарламасы аясында 2019 жылғы 11-15 наурыз аралығында өтініштер мен құжаттар қабылданатынын хабарлайды.

Бағдарламаның ресми сайтында www.baqytty-otbasy.kz қатысу шарттарымен танысуға, сондай-ақ онлайн-өтінім беруге болады.

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» шарттары

Коммуналдық қордан тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде «көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрған азаматтар қатысады.

  • «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қарызы –15 млн теңге;
  • Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%;
  • Несиенің проценттік мөлшерлемесі – жылына 2%;
  • Сатып алатын тұрғын үй – бастапқы нарықтағы тұрғын үй;
  • Сатып алатын тұрғын үйдің құны – шектеусіз.

Өтініштерді және құжаттарды беру портал арқылы жүзеге асырылады. Порталда авторлану үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Оны ХҚКО-да алуға болады.

Қатысушылар тұрғын үйді бастапқы нарықта пайдалануға жаңадан енгізілген тұрғын үй кешендерінен өздері таңдайды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.