• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда көпбалалы отбасыларға арналған ипотекаға өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Алматы қаласының әкімдігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы үй алуға «көпбалалы отбасы» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардан «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жеңілдетілген ипотека алу үшін 2019 жылдың 11 наурызынан бастап 15 наурызға аралығында www.baqytty-otbasy.kz сайты арқылы өтініштер мен құжаттар қабылданатынын хабарлайды.

Кейін құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 18 наурыздан 11 сәуірге дейін жалғасады.

«Бақытты отбасы» бюджеттік несиелеу шарттары:

  • «ТҮҚЖБ» АҚ несиесі –15 млн теңге;
  • Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%;
  • Несиенің проценттік мөлшерлемесі – жылына 2%;
  • Сатып алатын тұрғын үй – бастапқы нарықтағы тұрғын үй;
  • Сатып алатын тұрғын үйдің құны – шектеусіз.

Өтініш пен құжаттарды тапсыру www.baqytty-otbasy.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда авторлану үшін ЭЦҚ қажет. Оны ХҚКО-да алуға болады.

Қатысушылар тұрғын үйді бастапқы нарықта пайдалануға жаңадан енгізілген тұрғын үй кешендерінен өздері таңдайды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.