• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда кәсібін енді бастағандарға 7 пайыздық несие берілмек

Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген жаңа бағдарлама жасалмақ. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін енді бастаған кәсіпкерлердің жылына 7 пайызбен несие рәсімдеуіне мүмкіндік бар. Мұндай қолдау президенттің жыл сайынғы жолдауынан кейін орындалып жатыр. Ел экономикасының драйвері атанған Алматыда жыл басынан бері жүздеген кәсіпкер субсидия алып үлгерген.

Халыққа жолдауында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті мемлекеттік-қаржылай қолдау жүйесін қайта қарауды ұсынды. Жыл сайынғы жолдауында кәсіпкерлікті қолдауға 250 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Нақтылай айтсақ, бұл қаражат "Бизнестің жол картасы" бағдарламасын дамытуға жұмсалмақ. Бұл екеуара келісімнің арқасында жүзеге асады. Яғни, алдымен мемлекет кәсіпкерге аяқтан тұруға септессе, кейін бизнес иесі салық төлеп тұрады. Мәселен, Алматыда 187 мың шағын және орта бизнес нысаны бар. Жыл сайын қала қазынасы салық есебінен 67 пайызға толығып отырады.

«Алматы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша алдыңғы қатарда тұр. Әсіресе, субсидиялау, кепілдік жасау. Оған қоса, Алматыда кәсіпкерлікті нақты дамытатын 3-4 аймақтық бағдарлама бар. Және де «Алматы Финанс» атты жаңа бағдарлама жасақталып жатыр. Онда жылдық пайыз Алматы қаласы үшін 7 пайызды құрайды», - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ басқарушы директоры Айман Сарсенғалиева.

«Даму» қоры – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын қозғаушы күш. Мекеме кәсіп бастағандарға да, бизнесті жүргізіп жүргендерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Онда бас аяғы 42 бағдарлама бар. Мәселен, бизнеске жаңа келгендерге «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 2 жарым млрд теңгеге дейін субсидия беріледі. Сондай-ақ қызмет етіп жүрген компанияларға қолдау 4 бағдарлама бойынша көрсетіледі.

«Жаңадан іске қосылған «Қарапайым заттар экономикасы» туралы айтар болсақ, қазірдің өзінде мақұлданған жобалардың саны артты. Нақтырақ айтсақ, 14 жоба. Өзгерістер де енгізіліп жатыр. Жаппай кәсіпкерлікті арттыру бойынша 150 шақты жобаны қаржыландырдық. Банктерде бос ресурстар әлі де бар. Сәйкесінше көлем жыл соңына дейін ұлғалаяды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы көп арасында танымал. Осы уақытқа дейін 100 жоба қаржыландырылып, бағдарлама аясында кепілдік берілді», - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиал директоры Светлана Назарюк.

Қазақстанда жаңадан кәсіп ашуға қолайлы жағдай жасалған. Оның айқын дәлелі - еліміз «Doing business» атты әлемдік көрсеткіштегі 25-орынға жеткені. Есте болса, осыған дейін 28-болған еді.

Ақпарат көзі: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.