• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда құбырлар коррозиясының пайда болуын болдырмау және пайдалану мерзімін ұзарту бойынша жапондық жабдық орнатылды

Mitsui & Co және Japan System Planning жапон компаниялары алғаш рет Алматы қаласындағы пилоттық жоба аясында құбырлардың ішкі коррозиясын жою үшін ыстық сумен жабдықтау құбырында (диаметрі 108 мм) NMR Pipetector технологиясын қолданды.

Тоттануға қарсы жабдықты орнату су сапасын жақсартады және құбырлардың қызмет ету мерзімін 40 жылға дейін ұзартады, бұл мемлекеттік бюджеттен желілерді қайта жаңарту мен жаңғыртуға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

2018 жылы «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ бірлесіп NMR Pipetector технологиясы 14 өңірде ТКШ субъектілеріне таныстырылды. Қазақстанның ең ірі қаласында құбыр ұзындығы ең үлкен жабдықтарды пилоттық сынауға бірінші болып «Алматы Жылу Желілері» ЖШС қызығушылық танытты.

NMR Pipetector-суық және ыстық су сору, жылумен жабдықтау және кондиционерлеу жүйелерінің болат құбырларының үстіне бекітілетін құрылғы. Бұл құрылғы белгілі бір ұзындықтағы электромагнитті толқынды жасайды, ол еркін электрондардың пайда болуымен су молекулаларының үлкен кластерлерін азға бөлуге әкеледі. Гидратталған электрондар суда ерітілген қызыл тотығына түседі және оны біртіндеп ерімейтін қара тотығына (магнетит) айналдырады. Магнетит құбыр қабырғаларында орналасады және құбырдың қызмет ету мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік беретін қорғаныс пленкасын жасайды. Осылайша, құрылғы құбырды нығайтып, қызмет мерзімін ұзартады және артық темірден суды тазартады.

Жапондық делегация өкілдері жабдықтың тиімділігін дәлелдеу үшін компания мамандары ай сайынғы негізде темірдің судағы құрамы және құрал орнатқанға дейін және кейін магнетит мөлшері бойынша талдаулар жүргізетінін атап өтті.

Анықтама: Mitsui&Co ірі Mitsui Group холдингінің бөлігі. Компания көптеген салада қызмет атқарады, соның ішінде коммуналдық инфрақұрылым үшін жаңа технологиялар ұсынады. Mitsui Қазақстанның 14 өңірінде, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ТКШ субъектілеріне құбырлардың коррозиясын жою үшін NMR Pipetector технологиясын ұсынып отыр.

Ақпарат көзі: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.