• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төмендегені байқалады

Үш ай қатарынан ӘМАТ тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) 100%-тен төмен деңгейде тұр. Шілдеде көрсеткіш 98,7%-ке дейін төмендеді.

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында қалада бірқатар шаралар, олардың қатарында – тұрақтандырудың жаңа механизмдері, азық-түлікті тікелей жеткізуді ұйымдастыру және бәсекелестік орта құру сияқты шаралар қолданылуда.

Алматының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүгінгі күні жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрақтандыру шараларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 позициясының 18-і қамтылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсу тәуекелдерін ескере отырып, карантин шараларының алғашқы кезеңінен бастап, 2020 жылғы наурызда кәсіпкерлік субъектілеріне жергілікті бюджеттен жеңілдікпен берілетін қайтарымды қарыз беру және ӘМАТ-тың 13 атауының бағасын бекіту үшін 5 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаражат «Magnum Cash&Carry» сауда желісіне және «Ақсай нан НТК» ЖШС-не айналым қаражаттарын толықтыру және өткізу бағасын бекіту үшін бағытталды.

Атап айтқанда, «Magnum Cash&Carry» ЖШС-не сөрелердегі бекітілген шекті бағаны осы жылғы қазан айына дейін ұстап тұру үшін 11 925 тонна көлемінде ӘМАТ-тың 12 позициясына 3,6 млрд теңге сомасында жеңілдік қарызы берілді.

Сондай-ақ «Ақсай нан НТК» ЖШС-не 1-ші сұрыпты ұннан әлеуметтік қалыпты нан пісіру үшін 350 млн теңге сомасында жеңілдік қарызы берілді. Сатылудың жалпы көлемі бір бөлке нан үшін 70 теңге болып бекітілген өткізу бағаларымен және 5 ай ішінде бағаны ұстап тұру көлемімен 21,8 млн-нан астам бөлке нанды құрайды.

Шарт бойынша бағаны бекіту сәуір-шілде айлары кезеңінде бағалардың төмендеуіне айтарлықтай әсер етті: 11 позицияның 9-на бағаны ұстап тұру және 6 позиция бойынша, оның ішінде: тауық еті, құмшекер, күнбағыс майы, сүт, ірімшік, рожки, күріш пен 1-ші сұрыпты ұнға бағаны төмендету мүмкін болды.

Бұдан басқа, қаланың 250 сауда нысанында бекітілген өткізу бағасы (1850 тг/кг) бойынша сиыр етін жеткізу ұйымдастырылды. Аталған келісім осы жылдың соңына дейін жасалды, сауда орындарының саны 500-ге дейін арттырылатын болады.

Қазіргі уақытта 2020-2021 жылдардың маусымаралық кезеңіне «көкөністі сақтау» бойынша қосымша шарт жасалды. 1,5 млрд теңге сомасында жеңілдікпен берілген қайтарымды заемға «Magnum Cash&Carry» ЖШС шамамен 12 мың тонна көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) сатып алатын болады.

Қабылданған жүйелі және жедел шаралардың арқасында карантин режіміне қарамай, қала әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырды.

Осылайша, осы жылғы сәуірде тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) ӘМАТ-тың 9 атауы бойынша бағаның төмендеуі есебінен 100%-ті, мамырда – 99,2%-ті (ӘМАТ-тың 6 түрі бойынша бағаның төмендеуі), маусымда – 99,7%-ды (ӘМАТ-тың 10 түрлі атауы бойынша бағаның төмендеуі) құрады.

Өткен айдан бастап, ӘМАТ-тың 7 атауы бойынша: картоп, пияз, сәбіз; сүт өнімдерінен: сүт, айран, ірімшік, сондай-ақ құмшекер бағасының төмендегені байқалады.

Сонымен, тұтыну бағаларының индексі шілдеде тағы 1%-ке төмендеп, 98,7%-ті құрады.

ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.