• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда LRT желісі 2020 жылы салына бастайды

Алматы билігі LRT желісінің құрылысын 2020 жылы бастамақ. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті.

«LRT желісінің құрылысы 2020 жылға жоспарланған. Жобаның инвестициялық құнына келер болсақ, техникалық экономикалық негіздеме бойынша инфрақұрылым- 56 907 млн теңге (депо құрылысын қосқанда), жылжымалы құрам - 36 512 млн теңге тұрады. Барлығы - 94 203 млн теңге (қосымша құн салығын қоса алғанда) болады», - деп хабарлады басқарма.

Сонымен қатар, бұл жобаны DBFOM (жобалау, құрылыс, қаржыландыру, пайдалануға беру жəне қызмет көрсету) моделі бойынша мемлекеттік- жекешелік əріптестік аясында жүзеге асыру жоспарланған. Бұл үшін әріптесті іріктеу мақсатында екі кезеңді халықаралық байқау өткізіледі.

«LRT желісін рационалды салу үшін құрылыс мерзімі үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде инженерлік жəне магистральдік желі салынады. Жылумен қамту жүйесі жасалады. Бұл жұмыстарды Алматы əкімдігінің жергілікті атқару органы жүзеге асыратын болады. Екінші кезеңде депо құрылысы басталады. Үшінші кезеңде LRT желісінің батыстан (G учаскесінен) шығысқа (F учаскесіне) созылған дəлізінің құрылысы басталады. Оған қоса дəліздің инфрақұрылымы жүргізіледі»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, əкімдік жеңіл рельсті көлік желісін салу үшін жолда орналасқан қажетті жер телімдерін сатып алмақ.

Қазіргі таңда Райымбек даңғылындағы нысандардың құны есептеліп жатыр.

Ақпарат көзі: «Қазақпарат» ХАА

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.