• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» көпірі жөнделді

Медеу-Шымбұлақ жолында 1982 жылы салынған көпір тау шаңғысы курорты мен мұз айдыны арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді.

«Көпір бірнеше жыл бойы апатты жағдайда болған. Былтыр желтоқсанда уақытша көпір жасалып, негізгі көпірде күрделі жөндеу басталды. Тіреуіштер мен жол төсемі толығымен ауыстырылды, қоршаулар орнатылды. Көліктің қауіпсіз қозғалысы үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Енді уақытша көпір алынады», - деп хабарлады Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Айта кетерлігі, бұл жер үсті көлігімен Шымбұлақ тау шаңғысы курортына жеткізетін жалғыз жол ретінде стратегиялық маңызы бар көпір.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.