• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда медициналық қызметтерді алуды жеңілдету және қолжетімді жерде амбулаториялар ашу бойынша әлеуметтік карта әзірленуде

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова хабарлады.

Гүлнар Ысқақованың айтуынша, әлеуметтік карта цифрландыру Басқармасымен және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық Басқармасымен бірлесіп әзірленуде. Спикердің айтуынша, жүйе үйден шықпай-ақ қажетті анықтамаларды, қызметтерді жедел алуға бағытталады.

«Қала тұрғындары цифрлық құралдарды пайдалана отырып, көп уақыт жұмсамай, қажетті қызметтер мен өз сұрақтарына жауап ала алатындай етіп жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы, баланың туу туралы куәлігін қазір онлайн режимде алуға болады. Егер бұрын бала туғаннан кейін ата-ананың біреуі ХҚКО барып, құжат алуға өтініш беруге кезекте тұруға тура келсе, ал қазір әлеуметтік картаның көмегімен барлығы онлайн дайындалады. Құжатты жеке кабинеттен алып және басып шығару жеткілікті», — деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, барлық әлеуметтік төлем мен жәрдемақы босанған әйелге арналған картаға түсетін болады. Ол үшін әйелдерге баланы басқаға қалдырып, уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, барлық қызметтерді қысқа мерзімде алуға болады.

«Біз туу туралы куәліктің деректері электрондық форматта шығуы үшін және ол жұмыс кабинетіне байлануы үшін тиісті органдарға жүгіндік. Яғни, бұл қағазды алу үшін барлық мөрмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. QR-код бар болса жеткілікті, соған тікелей байланыстырып, қажет болған жағдайда тек қана басып шығару керек», — деп толықтырды Г. Ысқақова.

Сонымен қатар, ол сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша карта әзірлегенін атап өтті. Картада ТМККК және МӘМС шеңберінде көмек көрсететін мемлекеттік, оның ішінде жеке меншік емханалардың деректері ұсынылған. Сондай-ақ, қадамдық қолжетімділікке байланысты стратегия әзірленді және қосымша амбулатория ашу қажеттілігі бар аймақтар көрсетілді.

«Бұл бағытта жұмыс жалғасуда. Жыл соңына қарай бізде мемлекеттік және жеке ұйымдар көп болады деп үміттенеміз және пациентке ұзақ уақыт жүрудің қажеті болмайды. Пациент дәрігерлік амбулаторияға дейін жаяу жүріп, барлық қажетті көмекті ала алады», — деп түйіндеді ол.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.