• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда мұқтаж отбасылардың үйлері тегін газдандырылады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев мәлімдеді.

Бүгінгі таңда қала әкімдігі халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан шыққан азаматтарды газбен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізуде. Жеңілдікпен несиелендіру немесе тегін негізде жүзеге асырмақ.

«Биыл біз 28 отбасыға тегін газ жүргіздік. Газбен жабдықтаумен тағы 46 үйді қамтуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, бүгінгі күні Наурызбай ауданында 310-ға жуық газдандырылмаған үй бар», — деді Бағлан Дәндібаев.

Газдандырылмаған үйлердің басым бөлігі маусымдық үйлер болып табылатынын және саяжай ретінде пайдаланылатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы бойынша Halyk Bank-пен бірлесіп, тұрғын үйлерді газдандыруды жеңілдікпен несие беру бойынша жаңа бағдарлама әзірленді.

Бұл бағдарлама Алматы қаласының тұрғындарына газды қосу үшін пайызсыз несие беруге мүмкіндік береді. Жоба халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтары санатының тұрғындары үшін және өз тұрғын үйін газдандырғысы келетін қалған алматылықтар үшін кең қамтуға арналған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.