• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Наурыз мейрамына байланысты Астана алаңы жабылады

Мерекелік серуендер өтетін басты алаң іс-шараларға дайындық және олардың өтуі кезінде, яғни 19-24 наурыз аралығында жабық болады (Төле Би көшесінің Абылай хан көшесі және Назарбаев даңғылымен қиылысы). Аталған мерзімде Көктемгі күн мен түннің теңелу күніне арналған көптеген іс-шаралар өтетін болады. Бірден жеті жерде концерттер, жәрмеңкелер, шеберлік сабақтары, байқаулар мен көрмелер ұйымдастырылады.

Іс-шаралардың басым бөлігі Астана алаңында өтеді. Олар: 22 наурыздағы «Ұлы даланың - Ұлы күні» атты үлен шара, 23 наурыздағы халықтың сүйікті МузАРТ тобының жеке концерті. Бұдан өзге, мұнда «Алматы Наурызды қарсы алады» атты спорттық ойындар өтеді.

Ел арасында Ескі алаң ретінде танымал Астана алаңы қала тұрғындарының көне әрі сүйікті демалыс орындарының бірі. Астана алаңы кезінде түрлі фестивальдар аясында атақты шетелдік жұлдыздар, сонымен қатар барша отандық әртістер өнер көрсеткен сахнасы бар, концерттер өткізуге арналған дәстүрлі алаң болып қалыптасқан.

Айта кетсек, 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғандықтан, Наурыз мейрамы өскелең ұрпақпен бір толқында болу мақсатында заманауи әрі серпінді ырғақта өтпек. Мереке қалада өтетін шеруден басталады, ежелгі мерекенің тарихы мен дәстүрлеріне жаңаша көзқарас, перфоманстар мен бірегей нөмірлер жас көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Мерекелік төрт күн ішінде қала тұрғындары мен қонақтары қаладағы негізгі 7 алаңда өтетін түрлі концерт, жәрмеңке мен фестивальдарды тамашалай алады.

  • 22,23 наурыз – Астана алаңы;
  • 21-24 наурыз – Панфилов, Жібек жолы көшелері;
  • 22 - наурыз – «Нalyk Arena» мұз айдыны кешені;
  • 22 наурыз – «Алматы Арена» мұз сарайы;
  • 22 наурыз – «Атакент» ҚІЫО;
  • 23 наурыз – «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені

Ақпарат көзі: Алматы қ. Мәдениет басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.