• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Назарбаев даңғылындағы жаңа жол айрығы пайдалануға берілді

Алматының «солтүстігі мен оңтүстігі» жаңа эстакада арқылы қосылды. Теміржол бойымен эстакада арқылы Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін үңгілеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек «солтүстік-оңтүстік» бағыты бойынша Сейфуллин даңғылының жүктемесін азайтатын жаңа жол айрығын көрді.

Техникалық жағынан күрделі жобаның жалпы құны 7,4 млрд. теңге, ол екі жыл бойына салынды, құрылыс кезінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жолдың өткізу қабілеті тәулігіне 48 мың көлік.

Экстакаданың тірек қондырғылары мен қабырғаларын салу үшін 7 мың текше метр бетон және 4 мың тоннадан астам металлоконструкция пайдаланылды.

Қала әкімі Бауыржан Байбек жаяу жүргінші инфрақұрылымын құру және қоғамдық көлікті дамытумен қатар қалада автомобилистердің жағдайын жақсарту да қолға алынғанын айтты. Жол айрықтары салынып, жолдар жөнделуде, біржақты қозғалыс енгізілді, адамдардың мобильділігі артып, бизнестің логистикалық шығыны төмендеп келеді.

Жұмыс сапары кезінде мегаполис басшысы жұмысшыларға атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, олардың қаланың дамуына үлес қосқанын атап өтті.

«Президентіміздің саясаты арқасында Алматы тұрақты дамып, экономикалық жағынан өсіп жатыр. Соңғы он жыл ішінде 30 жол айрығы ашылды, жаңа үйлер салынуда, қаланың тарихи орталығы жаңаруда, бизнес өркен жаюда. Міне, мұнда сіздердің үлестеріңіз айтарлықтай, атқарылған істердің барлығы жұмысшылар еңбегінің нәтижесі. Жаңа жол айрығы Тұңғыш Президент күні қарсаңында қала тұрғындарына жасалған үлкен сыйлық», - деді Бауыржан Байбек.

Ұзындығы 800 метр болатын эстакадамен көлік қозғалысы бүгіннен басталды. Қозғалыс бөлігінің екі жағында тротуарлар бар, энергия үнемдеуші шамдар бар жарық бағаналары орнатылған. Шығу сатыларын және айналаны абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.